Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген тұрғынмен 92 адам байланыста болған

Almaty.tv
Almaty.tv
Елдімекенде ауру жұқтырған мал анықталмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысының Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылында сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген тұрғынмен 92 адам байланыста болған. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Шолпан Садықова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал індетке шалдығуы мүмкін деген науқастан сынама алынып жатыр. Қазір аймақта дерттің алдын алу шаралары күшейтілген. Осы жағдайға байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланып, ауылға кіріп-шығуға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ елдімекенде ауру жұқтырған мал анықталмаған.

– Бүгінгі таңда үй жануарлардың арасында ауру жұқтырған мал анықталған жоқ. Сонымен қатар елдімекенде ауру мал өлімі тіркелген жоқ. Адам тіркелуіне байланысты ветеринария тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр. Жерден және ауырған адамның тоңазытқышындағы еттен сынама алынды. Оның бәрі лабораторияда тексерілді, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев.

Оқи отырыңыз: Сібір жарасы несімен қауіпті - маман кеңесі

Новости партнеров