|
06.08.2019 | 09:00
4701

Алматы тұрғындары Денсаулық сақтау басқармасының басшысына сұрақ қоя алады

Бағдарлама эфирге әр аптаның сейсенбісі мен бейсебісінде кешкі сағат 20:00-де шығады

Алматы тұрғындары Денсаулық сақтау басқармасының басшысына сұрақ қоя алады

Сейсенбі, 6 тамыз, кешкі сағат 20:00-де  «Алматы» телеарнасының  AKIMAT LIVE бағдарламасына Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев қонаққа келеді.

Сұрақтарды Almaty.tv телеарнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook әлеуметтік желісіндегі барлық парақшаларына пікір арқылы жолдауға болады.  

Бұдан бөлек, сұрақтар WhatsApp: 8 777 046 33 33 нөміріне және E-mail: webalmatytv@gmail.com поштасына да қабылданады.

Ең бастысы, көрермендер сол күні тікелей эфирге хабарласып, сұрақтарын Қанат Дүйсенбайұлына тікелей қоя да алады.

Тікелей эфир Facebook, Youtube әлеуметтік желілерінде және almaty.tv телеарнасының сайтында да жүреді.

Мұның алдындағы AKIMAT LIVE бағдарламасының қонағы Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев болды. 

Бағдарлама эфирге әр аптаның сейсенбісі мен бейсебісінде кешкі сағат  20:00-де шығады.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир