Нұр-Сұлтанда 12752 адам коронавируске байланысты тест тапсырды

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Бахтияр Мәкен 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда 80 мыңға жуық адам жұмысқа шыққанын мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған науқас 15 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтты. Сол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған. Сондықтан оны дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданған.

«9 сәуірден бастап жаппай экспресс тестілеу басталды. Оны 12752 адам тапсырды. Тағы 41 мың экспресс тест коды бойынша біз арнайы медицина, полиция, ұлтық ұлан қызметкерлері, әскери, қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі мен коммуналдық қызметтердің жұмысшыларына үйлестірілді. Бұл шаралардың барлығы індетті дер кезінде анықтап, уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деді  Нұр-Сұлтан  қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр МӘКЕН.

Бахтияр Мәкен 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда 80 мыңға жуық адам жұмысқа шыққанын мәлімдеді. 500 құрылыс нысанындағы жұмыс жаңартылды. Бұл нысандарда қазір 20 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Айтуынша, жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін оларды тасымалдайтын көлік пен жеке қорғаныс құралдарымен қамтуға міндетті.

Новости партнеров