Алматыдағы онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

escoladapaz.com.br
escoladapaz.com.br
Шаһарда 9 айдың ішінде 514 әйелден сүт безінің ісігі табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

23 қазанда Алматы қалалық онкологиялық орталығында сүт безінің қатерлі ісігін алдын ала анықтау және оның алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі күні сүт безінің қатерлі ісігі Қазақстандағы онкологиялық аурулардың көптеп кездесетін түрі болып табылады. Осыған қарамастан, аталмыш ауру әйел қауымға тән аурудың бірі.

Айта кететін жай, сүт безінің қатерлі ісігі Алматы қаласында статистика бойынша бірінші орында тұр. Ал өлімге әкелу салдары бойынша екінші орында.

Алматы қаласында 9 айдың ішінде 514 әйелден сүт безінің ісігі табылған. Сол себепті, сүт безінің қатерлі ісігін уақытында анықтау үшін мамандар тағы да маммография скринингінен өту туралы кеңес беруде.

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі бойынша  «скринингтен» өту мүмкіндігі екі жылда бір рет 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге қарастырылған.

Дәрігерлердің айтуынша, алдын ала диагностикаланған ісікті толығымен емдеуге болады. Ал аурудың белгісі анықталған кеш сатыдағы аурудың таралуы да мүмкін және оны емдеу қиынға түспек.

Айта кетейік, қабылдау уақыты Папанин көшесі, 220, Литер "А" мекенжайында жетекші маммолог-онколог мамандардың қатысуымен сағат 09.00-13.00  аралығында жүргізіледі.

Барлық сауалдарыңыз бойынша 8(727)-312-24-74  телефоны арқылы хабарлассаңыздар болады.


Новости партнеров