Тісін емдеткен 61 адам гепатит жұқтырып алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,5 есе көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде биыл тіс дәрігеріне қаралып, ем қабылдаған 61 адам В гепатитін жұқтырды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл Ақтөбе облысында созылмалы В гепатитінің 88 жағдайы анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,5 есе көп.

«Тіс дәрігерінің тексеруінен кейін 61 адам В гепатитін жұқтырған. Сондай-ақ, сұлулық салондары мен шаштараздарға барған адамдардан инфекция анықталды.

В гепатиті вирусы – бауырдың зақымдануынан болатын жұқпалы ауру. Көбіне тері сарғайып, метаболизмнің бұзылуы кезінде анық көрінеді. Уақыт өте келе бұл созылмалы гепатит пен бауыр циррозына әкелуі мүмкін. Инфекция көзі – науқас адам және созылмалы тасымалдаушылар. Көбіне қан арқылы, қайта пайдалануға болатын құралдарды қолданғанда жұғады. Қазіргі кезде сұлулық салондары немесе шаштараздарда жиі кездеседі. Оларда зарарсыздандыру режимі бұзылғаннан», - деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Новости партнеров