|
07.06.2022 | 16:02
690

Алматыда балалар арасында бүйрек ауруы өршіп тұр

Бұл туралы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева мәлімдеді

Алматыда балалар арасында бүйрек ауруы өршіп тұр photo: vgr.by

Алматыда балалар арасында бүйрек ауруы белең алған. Бұл туралы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы нефрология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда бүйрек ауруы өте өзекті. Зәр шығару жолдарының инфекциясы бұрын екінші орында болса, қазір респираторлық аурулардан асып түсіп, бірінші орынға шықты. Бүгінгі күні көптеген ата-ана балаларының бүйрек патологиясы мен зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеу үшін дәрігерлерге жүгініп жатыр. Ең алдымен, балаларға көп су ішу керек, балалардың кіші дәретін қуықта ұзақ сақтамауын қадағалау қажет. Сонымен қатар іш қатудың алдын алу керек», - дейді дәрігер.

Сәуле Алпысбаеваның айтуынша, бүйрек аурулары және лейкоцитурия, гематурия түріндегі зәр шығару синдромы кезінде жалпы зәр анализін тапсырып, бүйрекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, маманға жүгіну қажет. Сонымен қатар дәрігер ұлдар мен қыздар арасындағы бүйрек ауруларының 80 пайызы микробтық қабыну ауруларына байланысты екенін атап өтті.

«Зәр шығару жолдарының инфекциясын нефрологтар ғана емес, сонымен қатар жергілікті дәрігерлер де тексере алады. Бұл инфекцияны емдеу дереу бактерияға қарсы және демеуші терапияны, сондай-ақ профилактиканы қажет етеді. Зәр шығару жолдарының инфекциясы бірінші кезекте қыздарда кездеседі», - дейді Сәуле Алпысбаева.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир