Денсаулық айлығы аясында 5 мыңнан астам тұрғын медициналық тексеруден өтті

Денсаулық айлығы аясында 5 мыңнан астам тұрғын медициналық тексеруден өтті
Осы уақыттан бері дәрігерлер шаһардың 23 шет аймағында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Он екі мүшең сау болса, қара басың ханмен тең. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Денсаулық айы» акциясы әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 5 мыңнан астам алматылық денсаулығын тегін тексерткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, дәрігерлер денсаулыққа мән беруге кейде уақыт та, қаражат та тапшы болатын сәттер кездеседі дейді. Сондықтан жылжымалы емхананың болуы ел үшін үлкен игі іс деп отыр.

«Бүгін біздің бақылауымыздан 200 адам өтті. Тексеріс барысында қан тамырлары жүйесін, қант диабеті және көз аурулары жиі кездесті. Біздің мақсатымыз емхана алыс орналасасқан жерлерге барып тұрғындарға қызмет көрсету. Жұртшылық бұл жұмысымызға оң бағасын беріп жатыр», – деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық денсаулық сақтау ұйымының бас дәрігері Гүлжайнат ТІЛЕГЕН.

Шараның екінші айлығы қазан айының 29-ында басталған еді. Осы уақыттан бері дәрігерлер шаһардың 23 шет аймағында болған. Құрамында эндокринолог, кардиолог, офтальмолог, гинеколог бар.

«Бір жеріңіз ауырып немесе сырқаттанып тұрсаңыз, медицина орталығына барудың қажеті жоқ. Мен өз жұмысымда бүгін кішкене ауырыңқырап тұрдым. Осындай акцияны естіп қуанып кеттім. Барлық тексеруден өтіп, сұрақтарыма жауап алдым. Көңілім толды», – деді Жұлдыз ХАФИЗОВА.

«Денсаулық сақтау» акциясы осы айдың соңына дейін жалғасатынын айта кетейін. Дәрігерлер осы аралықта тағы да 26 орынға тексеріске шықпақ.

Новости партнеров