|
26.04.2021 | 16:31
7913

Алматыда Қазақстан ревматологтарының IV Конгресі өтті

Форумда медициналық салалар арасындағы ревматологиялық ауруларды емдеудің және диагностикалаудың өзектілігі талқыланады

Алматыда Қазақстан ревматологтарының IV Конгресі өтті

Қазақстан ревматологтарының IV Конгресінде ревматологиялық аурумен ауыратын әлеуметтік жағдайы төмен науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру бағытында шешім қабылданады, деп хабарлайды Almaty.tv.


Қазақ ревматология алқасы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен бірлесіп, «Қазіргі ревматология: бағыттары мен шынайы тәжірибелері» тақырыбында ғалымдар мен клиникада мамандарының, фармацевтикалық компаниялар мен Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, БӘЭ және тағы басқа елдердің жетекші мамандарының қатысуымен Конгресс өз жұмысын бастады. Конгреске ревматологтар, кардиологтар, терапевттер, ЖПД, пульмонологтар, дерматологтар, инфекционисттер, гепатологтар, травматологтар, ортопедтер және басқа да мамандар баяндама тыңдап, пікірталасқа қатысады.

Форумда медициналық салалар арасындағы ревматологиялық ауруларды емдеудің және диагностикалаудың өзектілігі талқыланады. Форумда науқастар арасында мүгедектікке ұшыраудың жоғары деңгейі, ауруды емдейтін фармакотерапияның қымбаттылығы, тірек-қимыл аппараты зақымданған ауруларды емдеудің медициналық және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы айқындалады.

Форумның ресми ашылуында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Ғылым және адами ресурстар» департаментінің директоры Таңатарова Гүлназ Нұрсұлтанқызы құттықтау сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде: «Қазіргі заманғы ревматологиялық қызметте туындап отырған қиындықтардың артуы денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелі практик-мамандардың академик-ғалымдармен, зерттеу институттарының өкілдерімен күш біріктіруін қажет етеді. Ревматологиялық аурулар бүгінгі күні еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, науқастың жалпы денсаулық жағдайының нашарлауына көп әсер етеді және медициналық көмек көрсететін мамандарға ауыртпалықты арттырады.

Ревматологиялық қызметті жетілдірудегі жаңа бастамалар, оның  қолданбалы медицина ғылымындағы әрбір маңызды жетістіктері қазіргі кезде диагностикалаудың, инновациялық терапия мен оңалтудың жаңа әдістерін жасауға  негіз болып, инвестицияларды тарту арқылы медициналық қызметті дамытудың ғылыми аспектісін кеңейту қажеттілігін дәлелдеп отыр. Ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері медициналық қызметтің басым бағыттары бойынша белсенді зерттеулер жүргізуде, олардың нәтижелері бүгін конгресте ұсынылады.

Елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан медициналық кәсіби қоғамдастық отандық ревматологиялық қызметтің озық тәжірибелерін белсенді түрде насихаттап, оның әлеуетін кеңейтуде,  халықаралық қоғамдастыққа таныстыруда».

Гүлназ Нұрсұлтанқызы Конгреске нәтижелі жұмыс және саладағы ревматологиялық қызметті одан әрі дамытуға тілектестік білдірді.


С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры, проф. Талғат Сейітжанұлы Нұрғожин өзінің құттықтау сөзінде Конгресті ұйымдастырушыларға ревматология саласындағы жетекші мамандарды, денсаулық сақтау ұйымының мамандарын және мамандандырылған отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлерін біріктіргені үшін алғыс айтты.

Қазақстандық ревматология алқасының төрағасы Тоғызбаев Ғалымжан Асылбекұлы: «Конгресс ревматологияның өзекті мәселелері бойынша білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналады, біз бірге айтарлықтай және лайықты нәтижелерге қол жеткіземіз. Қазақстан ревматологтарының конгресі – бұл ревматологияның маңызды оқиғасы, онда біз қорытынды шығарып, өз біліміміз бен тәжірибемізді бөлісеміз. Форум бағдарламасында пәнаралық мәселелер және COVID вакцинасы талқыланады: оның оң және теріс жақтары, сонымен қатар ревматологияның көптеген өзекті мәселелері қарастырылатын болады» деп атап өтті. Ол сонымен қатар ревматологтарды, проф. Р.Л. Иванов, М.В. Горемыкин және Ч.Т. Баймұхамедовты құттықтап, әлемдегі әйгілі Lancet ғылыми журналында Қазақстандағы COVID-19 туралы жазған ғылыми мақалалары жарияланғанын атап өтті.

Ревматологтар конгресінің басты міндеті – халыққа көрсетілетін ревматологиялық көмекті дамыту және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға, тұрғындардың мүгедектік деңгейін төмендетуге және сол арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға ұмтылатын денсаулық сақтау жүйесінің негізгі міндетімен айқындалады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир