|
10.12.2019 | 17:14
3859

«Ауруларды басқару» бағдарламасының ең озық пациенті Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталады

Байқау Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында да өтті

«Ауруларды басқару» бағдарламасының ең озық пациенті Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталады

Тәуелсіздік күні қарсаңында КІАҒЗИ-да «Ауруларды басқару» бағдарламасының ең озық пациенті» атты бірінші республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды институттың баспасөз қызметі.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты  ұйымдастырған  «Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті» атты бірінші республикалық конкурс шеңберінде Орал қаласында облыстық конкурс өткізіліп, қалалық және аудандық медициналық ұйымдардан 8 емделуші қатысты.  

Конкурс үш кезеңде өтті. «АББ-ның ең озық пациенті»  атағына ие болу үшін үміткерлер өзін-өзі таныстыру сияқты шығармашылық шараларын ұсына отырып, викторина сұрақтарына жауап беріп, өнімдер кәрзеңкесін тез және дұрыс жинау жарысына қатысты. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Абдрахманова, ҮЕҰ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету ұйымдары бақылау кеңесінің мүшелері, МСАК жөніндегі аймақтық үйлестіруші,  аймақтың штаттан тыс бас кардиологы және эндокринологынан құралған құзырлы қазылар алқасы  екі жеңімпазды таңдап алды. Олар  Ирина Воробьева (№1 қалалық емхана) және Евгений Диденко  (№3 қалалық емхана).  Көрермендер ықыласы сыйлығына Айсұлу Досжанова (Сырым аудандық ауруханасы) ие болды. 

«Ауруларды басқару бағдарламасына менің қатысып жүргеніме 3 жыл болды.  Осы уақыт аралығында біраз салмақ тастадым. Біз көрсеткіштерді өзіміз бақылап отырамыз, себебі өз денсаулығымызға өзіміз жауаптымыз» - дейді Ирина Воробьева.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова осы өңірде үш жыл бойы жүзеге асырылып жатқан «Ауруларды басқару» бағдарламасының  тиімділігі жоғары екендігін, АББ тобына енгізілген пациентер арасында жедел науқастардың азайғанын, барлық қатысушылардың денсаулықтарының едәуір жақсарғанын атап өтті. Ол, Бағдарламаның басты артықшылығы: бұрын дәрігерлер ұсынымдарды ұстануды және ем қабылдауды пациенттерден ұдайы талап ететін, бүгінгі күні жағдай біртіндеп  өзгеріп келеді. Дәрігер мен пациент  арасында серіктестік орнатылды.  Олар қауіпсіздік  факторларын бірлесе өңдейтін болады және азаматтар  емдеу күнделігін жүргізеді, деді.

Сондай-ақ  «Ең озық пациент»  конкурсы Ақмола облысында да  өткізілді.  Облыстық конкурсқа 8 адам қатысты. Үш конкурс барысында қатысушылар денсаулық туралы  өз білімдерін көрсетуге тырысты. Қазылар алқасы үшін  бағдарлама кезінде қол жеткізген медициналық көрсеткіштердің жағымды динамикасы басты аргумент болып саналды.  

Қатысушылар өңірде енгізілген бағдарламаның өмірге деген көзқарастарының түбегейлі өзгерткенін және осы кезең арасында қандай нәтижеге қол жеткізгенін  айтты.  Кейбіреулері 8, басқалары 12 килограмм салмақ тастап, арықтағандарын, осылайша киім – кешектерін жаңартуға тура келгендігін әзілмен жеткізді.  Енді пациенттер осы бағдарламаның пайдалы екендігін айтып, өздері де басқа адамдарға көмектесетіндіктері туралы мәлімдеді.

Конкурс нәтижесі бойынша үшінші дәрежелі дипломға  Сандықтау ауданының тұрғыны Татьяна Черевко ие болса, Атбасар қаласының тұрғыны Жаңагүл Абдрахманова екінші  орынды иеленді.  Оның айтуынша, аудандық деңгейде жүлделі орынға ие болғандықтан, облыстық деңгейге қатысуға мүмкіншілік алған екен. Сондай-ақ, ол  бұл бағдарламаға өткен жылы ғана қосылғанын, содан бері өзіне және ауруына деген көзқарасының  өзгергені, өмірінде спорттың пайда болғаны, жұбайымен бірге өмір салтын түбегейлі түрде жаңартқаны,  дұрыс тамақтануға,  рационды дұрыс құрастыруға көңіл бөле бастағандары туралы айтты. Басты сыйлықты көкшетаулық Валентина Горностаева иеленгендіктен, конкурстың республикалық деңгейіне облыс атынан қатысатын болды.

Сонымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында да конкурстар өтті.

 Конкурсқа қатысатын үміткерлерді сұрыптап алу -  өз денсаулығына деген жауаптылық,  жүйелі түрде дәрігерге көріну және тексерілу,  дәрігердің барлық тағайындамалары мен ұсынымдарын орындау, дұрыс тамақтану және диета ұстау, базистік препараттарды тұрақты қабылдау, қандағы қант,  холестерин, триглицерид  деңгейін төмендету, ауруды асқындырмау  сияқты критерийлер  бойынша жүзеге асырылды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми – зерттеу институтында республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир