Қазақстанда медициналық пойыздар іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның аясында шалғайдағы елдімекен тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. «Жәрдем» пойызы Қызылорда, Батыс Қазақстан өңірлерінің, Түркістан, Жамбыл облыстарының тұрғындарына дәрігерлік жәрдем жасайды. Ал «Саламатты Қазақстан» пойызы Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарына барады. Ондағы дәрігерлер алғашқы жәрдеммен қатар диагностикалық көмек көрсетіп, азаматтарды зертханалық әдістермен тексерістен өткізеді.
«Биыл «жәрдем медициналық» пойызы 23 мамырдан бастап Алматы қаласынан шығып, 6 қарашаға дейін жолда болады. Ал «Саламатты Қазақстан» 20 маусымнан 22 қарашаға дейін жол жүретін болады. Олар Қазақстанның барлық облысын аралайды. 147 станцияда жергілікті халыққа медициналық көмек көрсететін болады», – деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар дамыту қорының бас директоры Альфия Әдиева.