|
06.09.2019 | 16:46
2757

«Денсаулық айлығы» акциясы аясында 18 мыңға жуық азамат тегін тексерілген

​Алматыда 800-ге жуық тұрғыны емханаға мүлдем тіркелмеген​

«Денсаулық айлығы» акциясы аясында 18 мыңға жуық азамат тегін тексерілген

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев айтты.  Бұл бір ай қалада жүргізілген «Денсаулық айлығы» акциясы аясындағы мобилді топтардың жұмыс істеуі нәтижесінде анықталғаны ғана, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы аралықта 18 мыңға жуық азамат  денсаулығын тегін тексерістен өткізуге мүмкіндік алды. Жылжымалы кешендер тұрғындарды қарау үшін қондырғылармен жабдықталған. Терапевтер, педиаторлар, кардиологтар, стамотолог және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізді. Енді әр тоқсан сайын  осындай жылжымалы медициналық пунктер жұмыс істеп, уақыты жоқ тұрғындарға  өздері бармақ.  

«8 ауданда бас-аяғы 61 нүкте жұмыс істеді. Жылжымалы медициналық пунктер қоғам көп жүретін сауда орталықтары мен базарлар да, тіпті саяжайларда жүргізілді. Нәтижесінде, мүлдем медициналық тексерістен өтпеген 5 мың 480 адам алғаш рет өз денсаулықтарын тексертіп көрді.Ал  2 мың 893 пациент диспансерлік тізімге тұрғызылды.  4 мың 411 азаматьтың денсаулығында ешқандай кәнірат жоқ екені белгілі болды», –  Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат ТӨСЕКБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир