Олар респираторлық вирустық инфекция диагнозынан ем қабылдауда. Бұл туралы бүгін брифингіде Қазақстанның жетекші инфекционисті, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Еліміздің стационарларында 41 адам қалып отыр. 25-і шығарылды. Барлығынан сынама алып, Алматыдағы аса қауіпті жұқпаларды зерттеу ғылыми орталығына жолдап жатырмыз. Аталған орталықта жаңа коронавирус штаммын зерттеудің әдістемесі игерілген», - деді ҚР жетекші инфекционисті Динагүл БАЕШЕВА.
Динагүл Баешева вирустық аурулардан сақтанудың 5 басты ережесімен бөлісті. Мәселен, алғашқысы – адам көп шоғырланған жерлерге барудан бас тарту. Екіншісі – қолды сабынмен жуу сияқты қарапайым тазалық қағидаларын сақтап, респираторлық вирустық инфекцияға белгілері бар адамдармен мүмкіндігінше контактіге түспеу.
«Үшіншіден, қоғамдық орындарда бетперде киіп жүру керек. Оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру қажет. Төртіншісі, түшкіру мәдениетін ұстану, яғни өзімен бірге бір реттік майлықтарды ұстап жүрі. Және бесіншісі, ет өнімдерін жақсылап термикалық өңдеуден өткізіп, жақсылап қуыру. Ал базарларда кептірілген жемістердің дәмін татпаған абзал», - деді ҚР жетекші инфекционисті Динагүл БАЕШЕВА.