Қазақстанда электронды рецепт жүйесі іске қосылады

Қазақстанда электронды рецепт жүйесі іске қосылады
Қазақстанда тіркелген 7748 дәрінің 1634-і рецептісіз босатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда алты ай ішінде электронды рецепті жүйесі енгізіледі. Қазірдің өзінде рецептуралық дәрілер Атырау, Қарағанды Шығыс Қазақстан облысы сынды бірнеше өңірге онлайн режимінде босатыла бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл жүйе рецепт жазып беру уақытын қысқартады, қала берді дәрі тағайындау кезінде қате жібермеуге де мүмкіндік туғызады. Әзірге, көптеген дәріханаларда антибиотиктер рецептсіз сатылуда. Соның салдарынан кейбір науқастар өзін-өзі дұрыс емдемей жатады. Бүгінде еліміздегі дәрі-дәрмектің 20 пайызы дәрігердің тағайындауынсыз еркін саудаға шығарылған. Енді, бұл тізімдер қатарын кеңейтеміз дейді мамандар.

«Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген 7748 дәрінің 1634-і рецептісіз босатылады. Яғни, препараттардың 20 пайызы дәрігердің тағайындауынсыз сатылады. Енді біз рецептісіз босатылатын дәрі-дәрмектер тізімін 30 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат МҰХАМЕДЯРОВ.


Новости партнеров