|
04.02.2021 | 21:19
5165

4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні: Отандық клиникаларда күрделі оталар тегін жасалады

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада қатерлі ісікке шалдығу 100 мың адамға шаққанда 173 дерек тіркелді

4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні: Отандық клиникаларда күрделі оталар тегін жасалады пресс-служба Алматинского онкологического центра

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада қатерлі ісікке шалдығу 100 мың адамға шаққанда 173 дерек тіркелді. Тек Алматы қаласында 14546 науқас тіркеуде тұр. Онкологиялық аурулардың ішінде жиі тараған түрі – сүт безінің қатерлі ісігі. Екінші орында өкпе, одан кейін ішек пен асқазан обыры тұр. Оларды емдеуде отандық медицина қаншалықты ілгеріледі? Толығырақ  Almaty.tv тілшісі Сая Ержанқызы тарқатсын.

Обырға қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада еліміздің ең білікті мамандары қатерлі ісіктің алдын алу мен емдеуде қолданылатын заманауи тәсілдер туралы айтып берді. Ең күрделі деген оталардың өзі бүгінде отандық клиникаларда тегін жасалады.  

«Біз бас пен мойын және сүт безі қатерлі ісіктеріне реконструктивті пластикалық оталар жасаймыз. Қазақстанда жалғыз сүйек бөлімі бар. Онда сүйектен қатерлі ісік табылған науқастарды емдейміз. Мамандарымыз буындарды ауыстыру бойынша бірегей оталар жасауды жетік меңгеріп алған», – деді Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директоры Диляра Қайдарова.

Дегенмен негізгі басымдық алдын алу шараларына беріліп отыр. Бұл ретте де ауыз толтырып айтатын жетістіктер бар. Ең бастысы, халықтың өзі скринигке көбірек көңіл бөлуі тиіс, дейді онколог-дәрігерлер.  

«Әрине, көбіне скринингттен әрбір адам тұрақты  өтіп тұру қажеттілігі қозғалынады. Ерлер мен әйелдер  скринингтік тексерістен өту үшін  дәрігерлерге жоқ дегенде жылына бір рет қаралу керек», – деді Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директорының орынбасары Әлия Төрешева.

Соңғы бір жыл көлемінде елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа  оқиғасы тіркеліпті. Бүгінде диспансерлік есепте 190 мыңға жуық қазақстандық тұр. Олардың ішінде  40 жастан кейінгі адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі қатерлі ісік осы жастағы және одан үлкен адамдарда жиі дамиды. Бастысы онкоскрининг кез келген уақытта қол жетімді және ақысыз екенін естен шығармау керек.

«Осы жерге келгенде операцияға түсіп келіп едім.Тоқ ішекке операция жасаған болатын. Қалым жақсы. Дәрігерлерге өте разымын», – деді науқас Гүлбара Әділбекова,

Айта кетейік, қазақстандықтар қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған онкоскринингтерден тұрғылықты жері бойынша емханалардан өте алады. Ал  6 ақпан күні Алматының онкологиялық орталығында әйелдер  қауымын қабылдайтын  ашық есік күні болады. Ол күні маммологтар тегін диагноз қояды. Ал қатерлі ісік бүгінде үкім емес. Дер кезінде қаралып тұрсаңыз болғаны. Қазір онкологияның көптеген түрлері нәтижелі емделіп жатыр.

Сая Ержанқызы, Ескендір Тоғызбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир