Қазақстанда 2021 жылы бедеу отбасылардың бірыңғай регистрі құрылмақ. Қазір еліміздегі емханаларда осындай диагнозбен тоғыз мыңнан астам нәзік жанды тіркеуде тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты. Оның сөзінше, мәселе бұдан да ауқымдырақ. Себебі көптеген қазақстандықтар жеке клиникаларға жүгінеді. Ал мұндай мекемелер бойынша ресми есеп жүргізілмейді.
«Бұл мәселе, сол себептен көп жұптар мұндай ақпаратты ашық жария еткісі келмейді. Көбісі жеке клиникалардың көмегіне жүгінеді. Сол себепті келер жылы Денсаулық сақтау министрлігі бедеулігі бар барлық жұптар бойынша бірыңғай регистр құруды көздеп отыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Белгілі болғаны, қазір Қазақстанда экстрокорпоральды ұрықтандыру бағытында 26 орталық жұмыс істеуде. Олардың 21-і жеке клиникалар. Ал жасанды ұрықтандыруға жылда 1105 квота бөлінеді. Бұл мақсаттарға 943 миллион теңге бағытталуда. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы халыққа Жолдауында келер жылдан бастап квоталардың санын 7 мыңға жейін ұлғайтуды тапсырған болатын.