|
14.03.2019 | 17:16
10664

Қазақстанда күн сайын 13 әйел қатерлі сүт безі обырына шалдығады – дәрігерлер дабыл қағуда

Баланы 5-6 жасқа дейін емізу қатерлі сүт безі обырына шалдықтыруы мүмкін

Қазақстанда күн сайын 13 әйел қатерлі сүт безі обырына шалдығады – дәрігерлер дабыл қағуда

Еркелеген баланы есейгенше емізу аналар денсаулығы үшін қауіпті дейді ақ халаттылар. Елімізде қатерлі ісік аурулары бойынша әйелдер арасында сүт безі ісігі бірінші орында деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстанда күн сайын орта есеппен 13 әйел сүт безі ісігіне шалдығады екен. Дәрігерлер осылай дабыл қағып отыр. Олардың сөзінше, баланы емізу сүт жолдарының кеңейуіне алып келеді. Ал, бала емуін тоқтатқанда созылған сүт жолдарының ішіне ет өсіп кетеді екен.

«Сүттің өзінің қуаттылығы бар. Ол екі жасқа дейін ғана пайдасын тигізеді. Екі жастан кейін баланы емізудің қажеті жоқ. Бірақ, біздің балалар еркелеп еме береді. Бұның әйел адамға зияны бар. Сүт тартылып кетсе де емшектен суға ұқсас сусын шығады және сүт жолдарын кеңейтеді. Емізбейтін кезде сүт жолдарының қалыңдығы қылмен бірдей болса, емізулі кезде ол 3-4 мм-ге дейін кеңеюі мүмкін. Емізуді уақытылы тоқтатпаса алдымен сүт жолында жасушалар пайда болады, кейін цистаденома папиллома, яғни ет өсуге алып келеді», - дейді Алматы қалалық Онкология орталығының хирург-онколог, маммолог маманы Мұратжан САҚТАҒАНОВ.

Елімізде жыл сайын 800 мың адамды онкологиялық ауруларға тексерістен өткізуге қаржы бөлінеді. Алайда, өз денсаулығына мән бермейтін тұрғындар тегін болғанына қарамастан бұл тексерістерге келмейді екен.

Қазақстанда орта есеппен алғанда күн сайын 100 адамнан аты жаман аурудың түрі анықталады. Қазір елімізде 180 мың адам қатерлі ісік дертімен есепте тұр. Жыл сайын 15 мыңнан астам адам осы қатерлі дерттен қайтыс болады. Дәрігерлер тұрғындарға тым болмағанда сенбі сайын тегін өткізілетін ашық есік күніне ерінбей келу керектігін айтып отыр. Алдағы сенбі күні де Алматыдағы қазақ онкология және ғылыми зерттеу инститтуында қабылдау өткізіледі. Орталыққа келген кез келген адам оншақты тексерістен тегін өте алады.

«Қатерлі ісік ауруларының 56 пайызы әйелдерге, 44-і ерлерге тиесілі. Еркектер арасында өкпе, ішек, асқазан обырлары көп. Шылым шегетін адам міндетті түрде рентгеннен ғана емес, томографиядан да өтуі тиіс», - дейді Қазақ онкология және ғылыми зерттеу институтының директоры Диляра ҚАЙДАРОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир