Алматы әуежайында карантиндік палаталар ашылуда

Алматы әуежайында карантиндік палаталар ашылуда
Қаланың медициналық ұйымдары мен қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдік тудырған ауруларды қабылдауға дайын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халықаралық стандарттар мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясының-асқынған инфекциялық аурудың тарауын болдырмау бойынша нақтылы шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әуежай мен теміржол вокзалдары арқылы туристік және миграциялық лек өтетіндіктен жолаушыларды тексеру күшейтілді. Әуежайда коронавирустік күдігі бар ауруларды оқшаулау үшін арнайы карантинді палаталар ашылуда. Вирус тараған өңірлерден ұшып келген барлық рейстер ерекше бақылауға алынуда. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Инфекцияны әкелу мен таратуды ескерту бойынша эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асырудың ведомствоаралық жоспары жасалды. Алматы әуежайының санитарлық-карантиндік пунктімен бірге оқу-жаттығу сабақтары өтті.

Қаланың медициналық ұйымдары мен медициналық қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдіктелген ауруларды қабылдауға дайын. Дәрі-дәрмектің қажетті қоры жеткілікті, олардың ішінде парацетамол, ибупрофен, глюкоза ерітіндісі, физоерітінділер, преднизолон, дексаметазон, гепарин, контрика, сонымен қатар антибактериалды және вирусқа қарсы препараттар мен дезинфекциялық заттар бар. Қаланың медмекемелерінде 690 мыңнан астам, ал резервте 1,3 млн бірреттік бетперделер бар. Қаланың дәріханалары дәрілермен және бетперделермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Қалалық инфекциялық ауруханада 20 төсектік бокс бөлімі және жансақтау бөлімі ашылған. Егер жағдай күрделенетін болса, онда № 1 ҚКА қосымша 200 төсек, балалардың № 2 ҚКА 20 төсек қосымша дайындалатын болады.

Алматыда +7 (727) 382-35-36, 382-33-50 телефондары, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінде 1406 нөмірі бойынша «жедел желілер» ұйымдастырылған.

Новости партнеров