Алматылықтар үшін тегін

rakanet.ru
rakanet.ru
Алматыда мамыр айынан бастап төмен дозалы компьютерлік томография жасаудың пилоттық жобасы жүзеге асыралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мамыр айынан бастап төмен дозалы компьютерлік томография жасаудың пилоттық жобасы жүзеге асыралады. Бұл өкпе қатерлі ісігін алғашқы кезеңдерде анықтауға мүмкіндік бермек. Аталған жоба дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Мұндай скриннингтен өту барлық алматылықтар үшін ақысыз болмақ. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар аты жаман ауруға шалдыққанын үшінші-төртінші кезеңдерде бірақ біледі. Бүгін ғалымдар мен ақ халаттылар аурмен күрестің тиімді тәсілдерін талқылау үшін «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматыда өкпе қатерлі ісігі салдарынан болатын өлім саны бірінші орында. Сондықтан бұл аурумен күресудің тиімді тәсілдерін қарастыру керек. Төмен дозалы компьютерлік томографиядан өтуге тұрғындыр қызығушылық танытады деп сенемін. Өйткені ауруды неғұрылым ерте анықтасақ, онымен күресу жеңілірек болады», – деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.



Новости партнеров