Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам медицина қызметкері біліктілігін арттырады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Сонымен қатар С. Сұлтанғазиева өз баяндамасында 2024 жылға дейін шамамен 19 медициналық нысан мен 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланғанын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам медициналық қызметкерлер біліктілігін арттырады. Бұл туралы Ұлт денсаулығы мәселелері және партия жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік Кеңестердің бірлескен отырысы барысында қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірлескен отырыста Nur Otan партиясының Денсаулық сақтау жөніндегі сайлауалды бағдарламасының Жол картасының тармақтарын орындау мәселесі қаралды.

Басқарманың деректері бойынша Жол картасының тармақтарын орындау шеңберінде 2021 жылдың 9 айында 212 біліктілікті арттыру циклы мен семинар-тренингтер өткізілді, 2432 маман оқытылды, бұл коронавирус пандемиясы кезеңінде өте маңызды.

Сонымен қатар, С. Сұлтанғазиева өз баяндамасында 2024 жылға дейін шамамен 19 медициналық нысан мен 12 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланғанын атап өтті. Қалада пандемия кезінде 3 жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ №6 қалалық емхана мен ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерді күрделі жөндеу және сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары толық аяқталды. Кемел шағын ауданда отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жылдың соңына дейін аяқталады.

«Қазіргі уақытта шағын аудандарда  «Қарағайлы»  шағын ауданында 500 келушіге және «Жас Қанат – 2» шағын ауданында 300 келушіге арналған екі емхананың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл аталған халық санының артуына байланысты орынды болып табылады», деді С.Сұлтанғазиева.

Ұлт денсаулығы жөніндегі кеңес төрағасы, депутат Болат Садықов атап өткендей, Жол картасын іске асыру аясында медициналық ұйымдарды медициналық техникамен жабдықтау көрсеткішінің оң динамикасы байқалады.

2021 жылдың екінші тоқсанында Дүниежүзілік банктен 45 ӨЖЖ аппараты алынды, бұдан бөлек  150 high flow аппараты сатып алынды. Медициналық жабдықтардың 45 атауы бойынша 1796 позицияға тендерлік рәсімдер өткізілді. 6 оттегі станциясы орнатылды.

Естеріңізге салсақ, Жол картасының барлық тармақтарын іске асыру партия жанынан құрылған нұротандық депутаттар мен өңірлік Қоғамдық кеңестердің партиялық бақылауында.

Новости партнеров