|
24.11.2023 | 17:41
304

Қазақстанда тоқішек ауруымен ауыратындар саны артқан

Алматыда колопроктологтардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қазақстанда тоқішек ауруымен ауыратындар саны артқан Almaty.tv

Қазақстанда тоқішек ауруымен ауыратындар саны күрт өсе бастаған. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан колопроктологтардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық Азия елдерінен келген жетекші мамандар тоқ ішек ауруларын емдеудің жаңа әдістері мен инновациялық технологиялары мәселесін талқыға салды.

– Өзекті мәселе көп. Шынын айту керек, мемлекетте тоқішек қатерлі ісігін ерте диагностикадан табатын скрининг ұйымдастырылды. Нәтижесінде аурудың 10 есе азайғаны анықталды, – деді Орталық қалалық клиникалық аурухананың колопроктология орталығының басшысы Марат Абдуллаев.

Тоқ ішектің қатерлі ісігі ауру қауіпті кезеңге жеткенше симптомсыз болады. Сондықтан жыл сайынғы тексерулердің маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша 2030 жылға қарай колоректальды қатерлі ісігінің саны 77 пайыз артуы мүмкін.        

– Бұл – өте маңызды конференция. Тәжірибе алмасу арқылы ғана жаңа әдістерге қол жеткізе аламыз. Әлемде, соның ішінде Орталық Азия елдерінде ішектің қабыну ауруларының көбеюі өзекті болып тұр. Қатерлі ісікке дейін жеткізеді, – деді конференцияға қатысушы Саримбек Наврузов (Өзбекстан).

– Мамандардың даярлап келген ғылыми жұмыстары мен баяндамаларының деңгейі өте жоғары. Әлемдегі ахуал бәрімізді алаңдатуда. Осылай бірлесе жұмыс істеп, тоқішек ауруларының алдын ала алатынымызға сенімдімін, – деді конференцияға қатысушы Мубин Кахаров (Тәжікстан).

Оқи отырыңыз: Балаларды қызылшадан қорғаудың ең тиімді жолы қандай

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир