Ухань қаласынан эвакуацияланғандардың бірде-біреуінен коронавирус анықталған жоқ

kursiv.kz
kursiv.kz
Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«89 адам эвакуацияланды. Олардың 83-і Қазақстан азаматтары. Соның 80-і студенттер. Сондай-ақ, Белорусияның 5 азаматы және Арменияның 1 азаматы бар. Олардың барлығынан сынама алынды. Дене қызулары қалыпты. Ешқандай шағымдары жоқ. Зертханалық тұрғыда коронавирустың жоқтығы дәлелденген. Десе де, 14 күн бойы карантинде болады», - деді ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшиннің сөзінше, аспан асты елінен жоғары дене қызуы және жіті респираторлық вирустық инфекциямен келген 89 адамның 43-і үйіне жіберілген.

«Таңғы 7-ге дейін Қытай елінен келгендердің 90%-ы бақылаудан өтті. Тағы да қайталап айтамын, бұл тек Қытайдан 6 қаңтар күні келгендер ғана. 89 адам оқшауланған бокстарға жатқызылған болатын. Қазіргі кезде стационарларда 46 адам қалып отыр. 43-і үйлеріне жіберілді», - деді ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

Новости партнеров