Ұлттық госпиталь жанындағы кешкі емхана жұмысын бастады

Almaty.tv
Almaty.tv
Тәжірибе Еуропаның бірқатар елінде бұрыннан бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Ұлттық госпиталь жанындағы кешкі емхана жұмысын бастады. Уақыты тығыз азаматтарға жұмыстан кейін дәрігердің қабылдауына жазыла алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, мұндай тәжірибе Еуропаның бірқатар елінде бұрыннан бар және оң нәтижесін берген көрінеді.

– Науқасты дереу қарайды. Ешқандай кезек күтіп отырмайды. Уақытын үнемдейді. Дәрігер бірден қарап, шағымын тыңдап, тексеріп, ем-шара тағайындайды, – деді ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің бөлім меңгерушісі Сафаркүл Якупова.

– Әр науқастың сырқаты әртүрлі. Бір ауру болғанымен, симптомы басқа болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер де дұрыс ем тағайындауды, белгілерді анықтауды үйренеді,– деді ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің невропатолог дәрігері Вячеслав Прошин.

Оқи отырыңыз: Біздің басты байлығымыз - өз ісін бес саусағындай білетін білікті мамандар

Новости партнеров