|
07.10.2019 | 12:58
4758

Атырау перзентханасындағы сәби өлімін арнайы комиссия тексеріп жатыр

Биылғы жылдың тек 9 айында ғана 2200 сәби шетінеген

Атырау перзентханасындағы сәби өлімін арнайы комиссия тексеріп жатыр

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін кулуарда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазір Атырауда Денсаулық сақтау вице-министрінің жетекшілігімен арнайы республикалық комиссия жүр. Тауарлар және қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің төрағасы да бар. Бұдан бөлек, ол жаққа медицина университеттерінің, ғылыми орталықтарының жетекші мамандарын жібердік. Болған жәйттің анық-қанығын толықтай анықтаймыз. Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен бұл мәселені қарап жатырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Атырау облысында сәби шетінеуі тамыз айынан бері жиілеп кеткен. Айтуынша, жыл сайын елімізде 2500 шақалақ көз жұмады. Биылғы жылдың тек 9 айында 2200 сәби шетінеген екен. Жағымсыз статистиканың көш басында Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстары тұр. Сондықтан бұл мәселе күнделікті бақылауда.

«Маған күнде таңертең қанша баланың дүниеге келгендігін және сәби өлім-жітімінің деңгейі бойынша мәліметтерді береді. Егер теріс өсімді байқасақ, бірден сол жағдайды жедел түрде зерттейміз. Жағымсыз статистикаға не себеп болғанын анықтауға тырысамыз. Мәселен, қазір акушер-гинеколог дәрігерлер жеткіліксіз, қажетті құрал-жабдықтарымыз да аз», – деді қр денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында перзентхана басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып, өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир