Алматыда жаңа бағдарламаның көмегімен жасалған алғашқы ота сәтті аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
№7 клиникалық ауруханасының мамандары инсульт алған 72 жастағы науқасқа «Cerebra» жүйесін пайдаланып, өміріне төніп тұрған қауіпті ерте анықтаған. Сол жақ денесі мүлде қимылсыз, құлағы естімей қалған әжейдің жағдайы қазіргі таңда жақсарып келеді.
«19 қаңтарда кеште сағат 10 шамасында басым айналып, қолым ұйып қалды. Дәрігерлерге көп рақмет. Тез жәрдемін көсетіп...», – деді қала тұрғыны Кенжеш Рысқұлбекова.
Мұндай бағдарлама ТМД және Қазақстан бойынша қалалық №7 клиникалық ауруханаға ғана енгізіліпті. Автоматтандырылған платформа инсульттің бар-жоғын 5-10 минуттың ішінде анықтап береді және тез арада бас миының қан тамырларындағы өзгерістерін көрсетеді. Мамандар жақын арада «Cerebra» жобасын Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының басқа да ірі клиникаларына енгізуді жоспарлап отыр.
«Осы жасанды интелект бағдарламасы онатылғанға дейін ишемиялық инсультпен түскен науқастарды анықтау үшін көп уақыт жоғалтатынбыз. 40 минутқа дейін. Қазір осы бағдарламаның арқасында қазір 5 минуттың ішінде мидағы қан жетіспеушілігін жедел анықтап береді. Қазақстан азаматы болсын, шетел азаматы болсын, тегін жүргізіледі», – деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының қан-тамырлары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Рауан Қастей.