Алматының шет аудандары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді

Алматының шет аудандары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді
Акция Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертеңнен бастап Алматыдағы шет аудандардың тұрғындары денсаулықтарын тегін тексертеді. Тамыздың 1-і мен 31 аралығында қалада «Денсаулық сақтау» айлығы өтпекші.  Соның арқасында шалғайдағы тұрғындар үй маңынан ұзамай-ақ сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол үшін терапевт, педиатр, кардиолог, стаматолог сынды білікті мамандардан құралған мобилді топтар қызмет етеді. Жылжымалы кешендер шаһардың 8 ауданында бірдей жұмыс істейді. Шара аясында иммундық тапшылық вирусына тесттен өтуге, қант деңгейін анықтауға және рентгенге түсуге болады. Арнайы рентген аппараттары орнатылған көліктердің бесеуі жұмыс істейді деп күтілуде.

«Флюрографиядан өтеді, терапевт офтальмолог қарайды, қан қысымын өлшейді. Сондай-ақ әр адамнан анализ алады, ЭКГ жасалынады. Нәтижесі де бірден қолға беріледі. Өйткені тест жолақшалар қолданылады. Бұл өте ыңғайлы», – деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы медициналық мекемесінің бас дәрігері Кәмшат АЙТҚАЗИНА.

Бір айға созылатын «Денсаулық сақтау» акциясы дүйсенбіден-сенбіге дейін, таңғы сағат 9-дан  бастап кешкі 18.00-ге дейін қызмет етеді. Шараның басты мақсаты – сапалы медициналық қызметті қол жетімді етіп, кез-келген дерттің алдын алу. Айта кетсек, акция Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылуда. Ақ халаттылардың қабылдауына алғаш болып «Нұршашқан» және «Теректі» шағынауданының тұрғындары жүгіне алады.

Новости партнеров