Еліміздің үш өңірінде 9 айлық сәбилерге қызылшаға қарсы екпе салынатын болды

Еліміздің үш өңірінде 9 айлық сәбилерге қызылшаға қарсы екпе салынатын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің үш өңірінде 9 айлық балаға қызылшаға қарсы вакцина салуға рұқсат берілді. Бұл сәбилер арасында қызылшаның жылдам таралып жатқанына байланысты енгізіліп отырған шара.

Мұндай ақпаратты Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты. Оның мәліметінше, Алматыда қызылша жұқтырудың 50 фактісі тіркелсе, Ақмола облысында 41 оқиға анықталған. Ал аталған вирустың басым бөлігі анасы екпе алмағанда немесе баланың иммунитеті түскенде тез жұғады деді мамандар.

«Бұл кезеңде вакцина жасауға жасы жетпеген балақайлар қызылша жұқтырады. Астана мен Алматы қалаларында, Ақмола облыстарында бұл дертке шалдыққандардың 60-70 пайызы – нәрестелер. Сондықтан екпе салуға рұқсат етілген жас көрсеткішін бір жастан тоғыз айға дейін төмендетеміз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН.


Новости партнеров