|
17.06.2021 | 21:17
7063

Алматыда медицина қызметкерлері марапатталды

Алдағы демалыс күндері еліміз медицина қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтеді

Алматыда медицина қызметкерлері марапатталды Аlmaty.tv

Алдағы демалыс күндері еліміз медицина қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтеді. Әлемді жайлаған қауіпті індетпен күрес жүргізуде алдыңғы шепке шыққан ақ халаттылар қазірдің өзінде құттықтау қабылдап, марапат иеленіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейбіт күннің батырлары бүгін Алматыда ұлықталды. 30 жылдық еңбек жолының 20 жылын №2 қалалық емханада өткізген Айнұр Сатыбалдықызы марапаттау кезінде өзінің төс белгі алғанына өте қуанышты екенін жеткізді. Халықты жаппай вакциналау басталғалы бері тынбай еңбек етіп, жұртшылықпен тікелей жұмыс жүргізіп жатқанын айтады. Пандемия басталған кезде күллі медицина қызметкерінің қиналғанын да еске алды.

«Мейірбикелердің бәрін блок-бекеттерге қойды. Олар күн-түн демей кезекшілікте тұрды. Түн ортасына дейін жаураған, жаңбырда қалған кездері болды, қиналдық. Сонда да әйтеуір мойынсынбай, біз халық үшін қызмет етуіміз керек деп ешқайсысы ренжімей жұмысын жасады. Бүкіл медицина қызметкері тікесінен тік тұрып, пандемияға қарсы, халықты аман сақтап қалудың қамын ойлдады», – деді №2 қалалық емхананың аға мейірбикесі Айнұр Үсіпжанова.

Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі үшін алғыс хатымен, «Еңбек ардагері» медалімен, еліміздің денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгілерімен 20 шақты медицина қызметкері марапатталды. Олар індет тарап бастаған кездегі бастан кешкен ауыртпалықтарын еске түсіріп, шаршамай, талмай қызмет еткен істеріне адал екенін тағы бір дәлелдеді.

«Қаланың бүкіл жедел коронарлы синдромы бойынша бүкіл науқасқа толық көмек көрстелді. Соның арқасында қаншама науқастар реанимациядан шығып, үйіне аман оралуына  өз септігімізді тигізіп, медицина орталықтарына үлкен көмек көрсеттік. Әрине, пандемия кезінде өзіне сай ерекшеліктер болды. Костюмдер деген сияқты. Бірақ ойдағыдай көмек көрсетіп шығардық деп ойлаймын», – деді хирургиялық орталықтың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Мұхамеджүсіп Сұлтан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир