|
03.09.2019 | 13:09
3388

Алматының «Қарағайлы» елді-мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды​

Шағын нысанда 6 дәрігер мен 15 мейірбике еңбек етеді​

Алматының «Қарағайлы» елді-мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды​ Almaty.tv

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жүктеген тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалып жатыр. Екі ай бойы сегіз ауданның тұрғындарымен кездесіп, әрқайсысының мәселесін жеке тыңдаған қала басшысы өз жоспарларымен де бөліскен еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Белгілі болғандай, қалаға жаңа қосылған аудандарда медициналық пунктер тапшы. Алматы әкімі қордаланған мәселені оңай жолмен шешуді ұсынды. Ол дәрігерлік-амбулатория жетпеген мекенжайларды анықтап, соның жанынан нысанды жалға алу уақытты анағұрлым үнемдейді дейді.

«Шалғайдағы қосылған жерлерде медпунктар де,  дәрігерлік амбулаторлық жер де жоқ. Осыған байланысты барлық аудандардың картасын жасадық. Қанша адам бір дәрігер қажет екенін бағамдадық. Бір пункт шамамен 1500-1600 адамды қамтуы керек. Осыған қаржы салу керек. Бірақ жаңа ғимарат соғуға көп ақша кетеді. Сондықтан үйін жалға беретіндерге ақша төлеп аламыз да, соны медпункт қылып жатырмыз», – деді АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Бүгін Алматының Наурызбай ауданындағы «Қарағайлы» елді-мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Аумағы 150 шаршы метрді құрайтын жаңа мединициналық мекеме 10 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Онда емдеу, егу, профилактика бөлмелері бар. Шағын нысанда 6 дәрігер мен 15 мейірбике еңбек етеді. Спорт кешенінен нысанды жалға алу құны 150 мың теңгені құрайды екен. Айта кетейік, жыл соңына дейін кішігірім 9 дәрігерлік-амбулатория ашу жоспарда бар. Жалпы 3 жыл ішінде сондай 35 нысанды іске қосу көзделіп отыр.

«Осындағы жергілікті тұрғындардың барлығы келіп, өзіне қажетті медициналық көмекті алып тұра алады. Сонымен қатар, 10 мыңға жуық тұрғынның 30 пайызы диспансерлік есепте тұрады. Ал ол деген олар ұдайы дәрілерді алып тұрады. Сонымен қатар, жанұялық дәрігерлерге келіп, көрініп, өзінің жаңағы денсаулығын қадағалау қажет», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат ТӨСЕКБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир