Биыл Алматыда тұмау мен жұқпалы респираторлық вирустық инфекцияға қарсы 130 мың дана екпе сатып алынды. Бұл туралы қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның сөзінше, ЖРВИ жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда биыл 21 пайызға артқан. Екпенің маңыздылығы неде? Қала тұрғындары екпе алуға қаншалықты дайын. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Арнат Дүйсеннің бейнематериалында.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Бұл әсіресе жұқпалы аурулар туралы айтылғандай. Өйткені, алда дәрігерлердің сөзінше, тұмау маусым жақындап келеді. Сондықтан тұмау немесе жұқпалы респираторлы вирустық инфекция сияқты аурулардан қорғаудың ең жақсы құралы екпе. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша биылғы жылы маусым бұрынғыдан екі апта бұрын, яғни 15 қыркүйекте басталады.
«Бұл екпені маусымдық кезең басталғанға дейін жасаған абзал. Яғни, шамамен екі аптада бұрын. Бұл екпе неге жасалады? Егер екпе инфекция кезінде жасалса, онда адам инфекцияға шалдығуы және ол асқынуы мүмкін. Егер екпе алдын-ала жасалса, онда сол вакцинация иммунитетті тудырады», – деді №17 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Виктор Ким.
Бұл тұста қала тұрғындарды да тұмау маусымы алдында екпенің маңыздылығын атап өтті. «Сақтансаң, сақтайды» деген ұстанымды алға тартқандар бүгін емханаға таңертең келіп, екпе салдыруды жөн санайды.
БЛИЦ:
– Екпенің өте жақсы пайдасы бар. Ауырмайсың жақсы. Мен жылда жасаймын. Жақсы.
– Көмектесетін шығар деп ойлаймын. Кішкентай кезімізден жасатып келгендер бар.
– «Сақтансаң, сақтаймын» деген ойға келіп жатырмын. Сақтану керек, барлық амалды істеу керек. Бұл мынадай болады деп кесіп айтуға келмей тұр.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл қалада аурушаңдық деңгейі 21 пайызға өсті. Алайда қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жағдай тұрақты күйінде қалып отыр.
«Қаламызда қазіргі таңда 1219 жіті респираторлық вирустық инфекцияның оқиғасы тіркелді. Эпидемиялогиялық ахуал тұрақты деп айтуға болады. Өткен аптамен салыстырғанда ауру, аурушаңдықтың деңгейі 25 пайызға төмен», – деді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Бүгінгі күні екпені алу, яғни аурулардан қорғану үшін жергілікті дәрігерге алдын-ала жазылу жеткілікті, егер қарсы көрсетілімдері болмаса, сізді одан әрі қаланың барлық емханаларында ашылған екпе бөлмесіне бағыттайды.
Арнат Дүйсен, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы