|
30.09.2019 | 20:39
1798

Алматыда істі болған дәрігерлерге қатысты тың деректер шықты

Отадан кейін науқасты тасымалдауға Қанат Тезекбаевтың өзі рұқсат беріпті

Алматыда істі болған дәрігерлерге қатысты тың деректер шықты

Алматыдағы №4 аурухананың істі болып жүрген дәрігерлеріне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Бүгін қалада арнайы баспасөз маслихатын өткізген жәбірленуші тараптың қорғаушысы Айман Омарова, адам өліміне соқтырған   істе тыңғылықты сараптаманың жүргізілетінін мәдімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сарапшылар марқұм Нұрсұлтан Күдебаевтың нақты неден көз жұмғанын анықтамақ. Белгілі қорғаушының айтуынша, науқасты операциядан кейін тасымалдауға №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың өзі рұқсат беріпті. Жәбірленуші тараптың басты талабы - кінәлілер жазаларын заң жүзінде алуы тиіс.

Есте болса, 24 қыркүйекте №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен осы мекеменің анестезиолог-реаниматологы Асқар Тұңғышбаев ұсталып, артынша қол хатпен сотқа дейін босатылған болатын.

«Мүмкін басқа елдің сарапшыларына жүгінеміз бе деп отырмыз. Себебі қазір өте қиын. Сенім жоқ болып тұр», - деді адвокат Айман ОМАРОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир