Алматыда арандатушылыққа жол бермеуге шақырды: мегаполисте коронавирус тіркелген жоқ

bussiness-gazeta.ru
bussiness-gazeta.ru
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы бірлесіп, 2020 жылдың 30 қаңтарына Алматы қаласында коронавирус инфекциясының тіркелмегенін ресми мәлімдейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда вирусты жұқтыру жағдайлары туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған бейнематериалдар шындыққа жанаспайды. Бұл видео – жалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Қалада жағдай тұрақты. Сіздерден арандатушылық пен қауесетке сенбеуге, тек билік тарапынан берілетін ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз. Біз құқық қорғау органдарына арандатушыларды анықтау жөнінде өтініш бердік", - деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.

Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Бұл мәселе шаһар басшысының жіті бақылауында. Сондай-ақ қала әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронаровирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штаб жұмыс істейді.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Қазақстанның бірде-бір өңірінде, оның ішінде ірі қалаларда коронавирус жағдайлары тіркелмегенін атап өтті.

Қала басшылығы Алматыдағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Новости партнеров