|
02.04.2021 | 21:49
1323

Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар саны жылдан-жылға артып келеді

2 сәуір – бүкіл әлемдік аутизм туралы ақпарат таратын күн

Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар саны жылдан-жылға артып келеді

Бүгін бүкіл әлемдік аутизм туралы ақпарат таратын күн. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2007 жылы арнайы қарар шығарып осы дертке шалдыққандарға қоғам назарын аударуды ұсынған еді. Өкінішке қарай, Қазақстанда аутизмге шалдыққандар саны жылдан-жылға артып келеді. Ал ерекше балаларды ортаға бейімдеу ісі қалай жүріп жатыр?  Толығырақ Almaty.tv тілшісі Назгүл Әмірбектің бейнематериалында.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда аутист балалардың саны 50 000-ға жуықтайды екен. Бүгінде ел аумағында оларға  арналған оңалту орталықтары бар. Онда мамандар ерекше  балаларға білім алуға, ортаға бейімделуіне, қоғамнан тыс қалмауына көмектеседі. 3,5 жасар Закария солардың бірі.

«Бұл орталықта бізбен білікті мамандар арнайы сабақтар жүргізіп жатыр. Көптеген техникалар арқылы біз сөйлеуді, күнделікті жағдайларды, әлеуметтік дағдыларды үйреніп жатырмыз. Осы орталыққа келгеннен бері мамандардың көмегімен баламның даму барысын, оң нәтижелерін байқап жүрмін», – деді Закарияның анасы Марьяна Гаганова.

Анасының айтуынша Закария орталыққа алғаш келгенде мамандарды тыңдамай, жаттығуларды орындауға мүлдем ынта танытпаған. Балалармен ойнау әдісі де, жабайылау көрінді. Ортаға бейімдеу үшін, анасы бүкіл уақытын баласына жұмсайды екен.  Жалпы аутизмнің пайда болу себептері туралы мамандардың нақты байламы жоқ. Бұл дерт туа біткеннен анықталмайды. Оның нақты белгілері бала 3 жастан асқан уақытта ғана байқала бастайды. Сол кезден бастап мамандар көмегіне жүгіну қажет.  

«Біз ата-аналарға балаларға аутистік спектрі бұзылысы бар балаларға көмек береміз, қолдаймыз, кеңестер береміз», – деді супервайзер Меруерт Қаныбекқызы.

Ғалымдардың зерттеуінше аутизм тұқымқуалаушылықтан және жүйке жүйесінің бұзылуынан болады екен. Алайда осы дертке шалдыққандар арасында аса қабілетті адамдар бар. Керек десеңіз данышпандар да кездеседі.  

«Аутизм дегеніміз бұл ауру емес, бұл бұзылыс болып табылады. Аутистік спектрі бұзылыс бар балаларда адамдармен көз контактісі болмайды, байланысқа түспейді. Әлеуметтік ортада балалармен ойнамайды. Ойын барысында өз кезегін күтпейді», – деді супервайзер Меруерт Қаныбекқызы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемдегі әрбір 160 баланың біреуі аутизм ауытқуларымен дүниеге келеді. Ал елімізде бұл дертпен ауыратындардың нақты есебі жоқ. Себебі медицинада ол тек психикалық даму ауытқушылығы ретінде ғана көрсетілген.

Назгүл Әмірбек, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

аутизм
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир