Қызылша дертін жұқтырмаудың қандай жолы бар

iStock
iStock
Наурыздан бері Алматыда 595 адам қызылша жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурыздан бері Алматыда 595 адам қызылша жұқтырған. Оның 82 пайызы – балалар. Тек Алматы емес, аурудың асқынуы жалпы ел бойынша байқалып отыр. Жұқпалы дерт дендегенде, мамандар азаматтарды абай болуға шақырады. Осы ауру туралы Almaty.tv телеарнасына тікелей байланысқа шыққан жалпы практика дәрігері Жәмилә Егізекова айтып береді.

– Қазір қызылша ауруының асқынуы өте көп деңгейде жүріп жатыр. Негізгі жас аралығы – 5 жасқа дейінгі балалар. Қызылша жедел жұқпалы, контагиозды ауру болып есептеледі. Бұл ауру ауа арқылы беріледі. Яғни, жаныңыздағы адам жөтелсе, түшкірсе, ауа арқылы балаға берілуі мүмкіндігі өте көп. Қызылшаның белгілері: интоксикация, көздің былшықтануы, қызаруы және денеде дақтардың пайда болуы. Бірінші күні мойында, ауыз қуысында, бетте пайда болады. Екінші күні денеде, қолда пайда болады. Үшінші күні аяқта пайда болады. Егер де осындай жағдай балаларыңызда анықталып жатса, міндетті түрде дәрігерлік көмекке жүгінуді сұраймыз. Бұл қызылшаның негізгі ауру уақыты – 7-14 күн арасы.

Көрші Қырғызстанда да қызылшамен ауырғандар көп тіркеліп жатқан көрінеді. Бұл дертті жұқтырмаудың жолы бар ма?

– Бұл кезде қызылша ауруының алдын алу белгісі – балаларға дүниежүзілік күнтізбе бойынша екпе салдырту керек. Екпе балаларға 1 жасында және 6 жасқа толғанда салынады. Ол 15 жасқа дейін сақталады. Яғни, балалардың екпе алу деңгейі өте жоғары тұрақтылықта болады. Сол себептен ата-аналарға айтарым: балаларыңызға дер кезінде, жасына сәйкес қызылша екпесін алуды сұраймыз.

Новости партнеров