|
02.07.2022 | 08:58
1017

Қызылорда облысында 15 адамның конго-қырым қанды безгегіне шалдыққаны анықталды

Олардың 70 пайызында клиникалық белгілер болса да, уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген

Қызылорда облысында 15 адамның конго-қырым қанды безгегіне шалдыққаны анықталды © Sputnik

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 15-ке жетті. Оның 8-і зертханалық жолмен нақтыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Сала мамандары облыс тұрғындарын далалық жерде зиянкестерден қорғанып жүруге және ауыл шаруашылығы жануарларынан абай болуға шақырды.

«Қазіргі таңда ауруға шалдыққан азаматтарға тиісті ем жүргізілуп жатыр. Бүгінде облыста конго-қырым қанды безгегін қоздырушы кененің 16 түрі бар. Соның салдарынан жылдан-жылға ауру тасымалдаушы кенелердің түрі көбейіп келеді. Республика бойынша кенелердің зақымдалу көрсеткіші орташа есеппен 4,2 болса, біздің облыстың көрсеткіші одан жоғары. Бұл алаңдатарлық жағдай. Конго-қырым қанды безгегі әсіресе мамыр және маусым айларында белсенділігі өте жоғары болады. Сондықтан әрбір азамат далалық жерде немесе үй жануарларының қасында міндетті түрде сақтық шараларын ұмытпау керек», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанғандардың басым көпшілігі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Олардың 70 пайызында клиникалық белгілер болғанымен, уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген.

«Бізге түскен науқастардың барлығы осы бір аптаның ішінде ауырғандар. Олар ауруханаға келген күннен бастап арнайы препараттар беріліп, 3 рет зертханалық тексерістен өтеді. Конго-қырым қанды безгегінің басты белгілері – бас айналу, жүрек айну, дене қызбасы және іш өту. Бұл белгілерден бөлек тістің қанауы немесе мұрын қанауы болуы мүмкін. Егер осы сиптомдар байқалса жедел түрде медициналық тексерістен өту қажет. Себебі ауру асқанып кетуі мүмкін», – деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир