|
30.07.2021 | 23:28
1546

Эко арқылы дүниеге келген алғашқы бала 25 жаста

Қазір Лондонда жұмыс істейді, денсаулығы жақсы

Эко арқылы дүниеге келген алғашқы бала 25 жаста almaty.tv

31 шілдеде Қазақстанда экстрокорпоральді ұрықтандыру арқылы дүниеге келген алғашқы бала 25-ке толады. Бұл туралы «Экомед» адам репродукциясы клиникалары желісінің директоры Салатанат Байқошқарова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылай қолдан ұрықтандыруды Орталық Азияда алғашқы болып жүзеге асырған дәрігер қыз баламен әлі күнге дейін тығыз байланыста екенін айтады. Бүгінде бойжеткен шетелде, магистр дәрежесіне ие. Қазір Лондонда жұмыс істейді, денсаулық жағдайы да жақсы екен. Осы ретте репродуктолог маман мұндай айтулы жағдай  елімізде медицина саласының жоғары қарқынмен дамып, үлкен нәтиже бергеніне дәлел дейді.

«Англияда оқыды. Мектепті енді осы жерде Алматыда бітірді ғой. Бакалавриатты да Англияда оқыды, Оксфордта. Кейін магистратураны Лондонда бітірді. Негізі клиниакалық эмбриолог ретінде сол анасының ұрығыменен мен жұмыс істегенмін. Сол эмбрионды мен алғанмын. Алғашқыда егіз болған еді», – деді «Экомед» адам репродукциясы клиникалары желісінің ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова.

Дәл осылай елімізде соңғы 10 жылдың ішінде қолдан ұрықтандыру арқылы 3 мыңға жуық бала дүниеге келген. Ол үшін мемлекет тарапынан барлығы 9050 квота бөлінген еді. Ал, биыл балаға мұқтаж жандар үшін квота саны 7 есеге артып отыр. Мәселен, 2020 жылы мың квота ғана болса, биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыруымен 7000 квота бөлініп отыр.

«Ол үлкен жаңалық, үлкен қуанышты хабар. Бірақ ол үлкен жауапкершілік және де үлкен ауыртпашылық. Біздің саланың мамандарына қазір өте оңай болып жатқан жоқ осы істі атқару. Бірақ қазір бірталай кісілердің арманы орындалып, «Аңсаған сәби» бағдарламасын қолданып, соның арқасында сол аңсаған сәбилеріне жететін күндері бар деп ойлаймын», – деді «Экомед» адам репродукциясы клиникалары желісінің ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир