Қанатбек Жайсаңбаев Мемлекет басшысының көмекшісі - Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақордаға сілтеме жасап.
"Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген құжатта.
42 жастағы Қанатбек Бақытұлы бұған дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары секілді бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған.