Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы – Арман Жүдебаев

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы – Арман Жүдебаев

Арман Әділханұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер. 

Ол 1986 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген. 

Бала күнінен домбыра үйірмесіне қатысқан. 

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының түлегі.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
2011 жылы Өнертану магистрі академиялық дәрежесін алған.
2009-2013 жылдары Құрманғазы атындағы консер¬ваторияда ұстаздық қызмет атқарып жүріп, студенттік оркестрді басқарды.
2013 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болды.
Дирижер АҚШ, Германия, Австрия, Қытай, Швейцария және Болгарияда үлкен концерттер берді.
2018 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды. 
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін репертуарды заманауи өңдеуімен жаңартқан өнерпаздар¬дың бірі болды. 
Арман Әділханұлы – «Оркестрлер айтысы» жо¬басының авторы.
Отбасын құрған, бір баланың әкесі.


Цитата:

«Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, өскелең ұрпаққа жеткізудің маңызы зор. Осыны ұғынған Елбасы өткен жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялаған болатын. Мұнда ұлттық код, тіл, туған жерді қастерлеу, білімді жастарды қалыптастыру және т.б. ел үшін аса маңызды дүниелер қамтылғаны белгілі».