|
21.11.2018 | 11:45
1822

«Кешіріңіздерші, өтінемін»: аурухананы тонап кеткен ұрылар хат жазып қалдырған

Якутияда үш ұры ауылдық ауруханадағы ақша мен медициналық құрылғыларды ұрлап кетіп, хат жазып қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz.Саха республикасының прокуратурасына сілтеме жасап.

Оқиға биылғы жылдың шілде айында орын алған. Харыялахтегі ауруханадан ақша, тонометрлер мен компьютердің жүйелі блогы ұрланған.

Сонымен қатар ұрырлардың бірі «Кешіріңіздерші, өтінемін» деген хат жазып қалдырған.

Мұнан кейін ұрылар дүкенді тонаған. Артынша олар тұтқындалды.

Анықталғандай, олардың бірі бұған дейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған екен. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның жанындағы екі серігі 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, әрқайсына 2 жыл сынақ мерзімі берілді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

хат Ұры
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир