|
21.09.2018 | 16:03
1397

Алматыда бір апта бойы күн жылы болады

Алдағы аптаның ауа райы алматылықтар үшін қолайлы болмақ. Синоптиктер апта бойы шаһарда күннің жылы болатынын болжап отыр.

Дүйсенбі, 24 қыркүйекте күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны +22, түнде +7 градусты көрсетеді. Жауын-шашын болмайды.   

Сейсенбі, 25 қыркүйекте күн ашық. Ауа температурасы күндіз +22, түнде +7 градусты көрсетеді.

Сәрсенбі, 26 қыркүйекте күндіз +23, түнде +8 градус күн жылы.

Бейсенбі, 27 қыркүйекте күн бұлтты болады. Ауа температурасы күндіз +21, түнде +7 градусты көрсетеді.

Жұма, 28 қыркүйекте термометр бағаны күндіз +22, түнде +8 градусты көрсетеді. Күн бұлтты болады. 

Сенбі, 29 қыркүйекте ауа температурасы күндіз +22, түнде +8 градусты көрсетеді.

Жексенбі, 30 қыркүйек термометр бағаны +22, түнде +8 градус болады.

Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

күн
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир