|
12.12.2018 | 16:22
2771

Байқоңырда оқушының шашын кесіп тастаған қыздар табылды

Байқоңырда құрбыларына қорлық көрсеткен жасөспірім қыздар анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрбыларын қорлайтын əрекет жасап, оны видеоға түсіріп, жазбаны əлеуметтік желіге салған жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды», - деді ол.

Оның дерегінше, оқиға 18 қараша күні Байқоңыр қаласында орын алған.

«Олардың барлығы да кəмелеттік жасқа толмаған, жергілікті орта мектептің оқушылары. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетсек, құрбыларына қорлық көрсетіп, шашын қиған жасөспірім қыздардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын туғызған болатын.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир