|
12.12.2018 | 17:35
1109

Шығыс Қазақстанда жойқын өрт екі сәбидің өмірін жалмады

Жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2015 және 2017 жылдары туған екі бала қаза тапты


Қайғылы оқиға сәрсенбі 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылында болған, деп хабарлайды Sputnik.

Өрт туралы хабар 13:15 түсті, жеке тұрғын үй өртенген, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт салдарынан екі бала қаза тапқан: біреуі үш жаста, екіншісі бірде.

Бастапқы деректерге сүйенсек, өртену аумағы 100 шаршы метрді құрапты.

Ең жақын өрт сөндіру бөлімі ауылдан 40 шақырым жерде болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан төрт адам мен бір техника қатысты.

Өрт 15:05-те ауыздықталған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир