|
17.05.2018 | 19:20
1448

АЭФ: Еуразиялық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық экономикалық одақ Иран және Қытай елдерімен еркін сауда аймағын құрды. Келісім Астана экономикалық форум шеңберінде жасалды. Маңызды құжатта көрсетілгендей Одақ құрамындағы бес ел үшін Иран мен Қытай тарапы бірқатар тауар түріне кедендік баж салығын төмендетіп, оның емін-еркін шекарадан өтуіне жол бермек.

Алғашқы келіссөзді Еуразиялық экономикалық одақ Иранмен өткізді. Бес елдің басын қосқан одақ коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян 2017 жылы қос тарап арасындағы тауар айналымы 2,7 миллиард долларды құрады - деді. Ал енді қолға алынған құжат аталған көрсеткішті еселей түспек. Ол үшін Иран Ислам Республикасы кедендік баж салығына өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

«Біз Ирандық әріпестермен келістік. Келіссөздер жүргізгенде алдағы үш жылға созуды сұрадық. Енді құжатқа сәйкес, еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісім бар. Оның аясында тауар бойынша кедендік баж салығының төмендеуін немесе мүлдем алынып тасталуы мүмкін. Уақытша келісімде даулы мәселелерді шешудің тиімді механизмі қарастырылған. Сонымен қатар, тараптардың жоғары лауазымды тұлғалары деңгейінде бірлескен комитет құрылады, әрі бизнес-диалог құру да ойда бар», - деді Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы Тигран САРКИСЯН.

Тағы бір маңызды мәселе - сауда экономикалық ынтымақтастық құжаты Қытай Халық Республикасымен құрылды. Коллегия төрағасының айтуынша, бұдан былай екі жақты сауда-саттықта қиыншылықтар туындайтын жағдай сезілсе, бірден ескерту қажет. Министрліктер деңгейінде арнайы комитет те құрылмақ. Сондай-ақ барлық елдердің кеден қызметкерлері бірлесіп жұмыс істейтіндей, кәсіпкерлер үшін ақпараттық орталықтарды құру жоспарланып отыр екен. 

«Одақ пен Иран арасында осы құжат келісілмей тұрып, 2018 жылдың бірінші тоқсанында сауда-саттық өткен жылмен салыстырғанда 72 пайызға артқан еді. Енді бұл көрсеткіш біраз көп болатыны түсінікті. Бұл келісімдерде логистика мәселесі өте маңызды. Осы орайда Қазақстан қос елдің нарығына тауар тасымалын оңтайландыруға және олардың тауарын біздің елге әкелуге ыңғайлы серіктес ел. Сондықтан одақ құрамындағы ел болғаннан кейін, біз барлық көмек пен тиімді логистикалық жүйені ұсынуға дайынбыз», - деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар МАМИН.

 «Global Challenges Summit 2018» форумында ауыл шаруашылық мәселесі де ескерусіз қалған жоқ. Дәлірек айтсақ, агроөнеркәсіп кешені саласында шетелдік трансұлттық компаниялармен жалпы сомасы 300 млрд теңгені құрайтын жол картасы жасалып, жобаларды жүзеге асыруды көздейтін құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде ет өндірісі, сүт өнімдері өндірісі, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру сынды жобалар бар.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир