|
20.04.2018 | 19:49
1315

Алматыда 21 мың студентке жатақхана жетпейді

Алматыда 21 мың студентке жатақхана жетпейді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш екен. Екінші орында - Астана: елордада 14 мың тәлімгерге жатын орын қажет. Үштікті Қарағанды түйіндеп тұр. Онда  8 мың студент пәтер жалдап тұрады екен. Жалпы, Қазақстанда 77 мыңнан аса студентке жатын орын керек. «Мирас» республикалық кеңес өкілдері осы мәселені Алматыда талқылады. Еліміздің Мәжіліс және Сенат депутаттары Алматыдағы жоғарғы оқу орындарын аралап, жатақханалардың жағдайын көрді.

«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін, нарықтың қажеттілігіне байланысты, студенттеріміздің жағдайы өте жақсы болу керек. Сапалы білім берілуі керек. Және де олар жақсы жатақханалармен қамтамасыз етілу керек», - деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Динар НӨКЕТАЕВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жатақхана
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир