|
28.05.2018 | 10:48
1272

Алматыда шілдеге дейін заңсыз орнатылған 17 сауда нүктесі толықтай жабылады

Алматыда жылжымалы сауда нысандарын «көлеңкеден» шығару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылдан бергі жүргізілген тексеріс нәтижесінде қалада 1632 заңсыз орнатылған дүңгіршек анықталса, оның мың жарымы толығымен сүрілген. Енді 1 шілдеге дейін 17 сауда нүктесі толықтай жабылады. Сондай-ақ сауда орталықтары мен базарлар аумағында орналасқан 105 нысанның иелерімен дүңгіршектерді жаңарту жөнінде  келіссөздер жүргізіліп жатыр - деп кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі хабарлады. Наурызда қабылданған жаңа ережеге сәйкес, ашық аукцион нәтижесі бойынша, 5 жаңа киоск өз жұмысын бастайды. Олар жаңарған Панфилов көшесіне орнығады.

«Аукционда бір сауда нүктесіне белгіленген бастапқы баға 200 мың теңге болып бекітілді. Бір лот аукцион аяғына дейін 6 жарым есеге өсті. Осылайша, бір сауда орнын жалға алу құны айына 1 миллион 300 мың теңгені құрады. Жоғарыда айтылған заңсыз мың жарым киоскі жылына 800 мың теңге төлеп келсе, жаңа механизмге сәйкес, қала қазынасын төрт жарым мың есеге көбейте аламыз. Ол жылына шамамен 3 жарым миллиард теңгеге артық», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат ҚИҚЫМОВ.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир