|
27.10.2017 | 16:33
1563

Елбасы латын қарпінің жобасын бекіту туралы жарлық дайындауға тапсырма берді

Жаңа әліпбиді бекітетін күн алыс емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпінің жобасын бекіту туралы жарлық дайындауға тапсырма берді. Сол үшін де, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады. Кездесуде мемлекет басшысы латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елбасы мен қалың көпшілікке латын әліпбиінің екі нұсқасы таныстырылған еді. Біріншісі- диграфтық жоба, яғни төл әріптердің қосарлы қаріппен көрсетілуі. Ал екінші нұсқада, бір дыбыс бір таңба жүйесі сақталып, төл әріптер дәйекше арқылы белгіленген еді.

«Латын әліпбиінің жобасын ресми түрде жариялайтын кез келді. Енді әрі қарай не істеуіміз керек екенін ойластыруымыз керек. Ғалымдар, тарихшылар, тіл мамандары өздерінің жұмысын істеді. Қоғамның ішінде біз талқыладық. Білетін адамдардың барлығы жұмыс істеді. Комиссия жұмысын аяқтады. Менімен кездесуде әліпбидің жаңа мәтінін жариялады»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир