|
24.10.2017 | 18:36
2216

Еліміздегі SOS балалар қалашығының құрылғанына - 20 жыл толды

Еліміздегі SOS балалар қалашығының құрылғанына - 20 жыл толды. Ата-ананың қамқорынсыз қалған жеткіншектерді  жетімсіретпей, бір шаңырақтың астында бір үйдің балаларындай етіп тәрбиелеу жүйесімен жұмыс істейтін бірегей мекеме мерейтойын атап өтті. Сара Назарбаеваның бастамасымен құрылған балалар ауылы Алматы, Астана және Теміртау қалаларында бар. Бүгінге дейін мұнда 31 үйде 450-ден астам өскін тәрбиеленіп шыққан. Үш мыңнан астам баланың туған отбасынан ажырамауына ықпал жасалыпты. Қалашықта тәрбиеленген 70-ке жуық түлек отбасын құрып, өмірден өз орындарын тапқан. Мұндай мекемелер әлемнің 135 елінде жұмыс істейді.

«Балаларымыз кәдімгі отбасындағыдай бір үйде тәрбиеленеді. Бір отбасында төрттен жеті адамға дейін өмір сүреді. Бұл мекемеге 23 жасқа дейін қабылданады. Олардың білім алуына, баспаналы болуына бар мүмкіндіктер жасалады»,- деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның SOS балалар қалашығы» қамқоршылар қоры кеңесінің төрағасы, Серік СЕЙДУМАНОВ.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир