|
06.04.2018 | 10:50
1265

Еліміздің бес өңірін қайтадан су басу қаупі бар

Еліміздің бес өңірін қайтадан су басу қаупі бар. Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына 7 сәуірде үлкен су келуі мүмкін. Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері жоғарыда аталған аймақ тұрғындарын алдын ала ескертіп, арнайы техника мен құтқарушылар санын көбейткен. Сондай-ақ мамандар 5 ақпаннан бүгінге дейін 1500 үйді су басқанын айтады.

«Қолдағы болжау мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың 7-8 сәуірінен бастап Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болады. Аталған өңірлерде жағдай қиындауы мүмкін. «Қазгидромет» сәуірде жауын-шашын нормадан көп түседі деп болжап отыр», - деді  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир БЕККЕР.

Владимир Беккер Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай әлі де күрделі деді. Бір ғана Зырян ауданында қазіргі кезде 107 үйді су басқан. Өткен қателіктерді қаперге алған мамандар тасқынға жіті дайындалып жатыр.

«Ішкі істер министрлігінің бекітілген төтенше жағдайды жою жоспары бойынша бүгінде Қостанай, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан облыстары,  Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қосымша құтқару бөлімшелерін жеткізу басталды. Жалпы саны - 84 адам, 19 бірлік техника, 10 жүзу құралы, 24 мотопомпа», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир БЕККЕР.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Су тасқыны ШҚО
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир