|
23.10.2017 | 18:03
1177

Келесі жылдан бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі

Келесі жылдан бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады. Енді 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбеймек. Қазір бұл сома 14 мың теңгені құраса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 28 мың теңгеге өсетін болады.

«Келесі жылдан бастап базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай беріледі. Осы орайда, 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне түсу аралығы есептеліп қоймай, 1998 жылдан дейінгі еңбек өтілі де назарға алынады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана ЖАҚЫПОВА.

Сондай-ақ Светлана Жақыпова мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы да айтып өтті. Оның сөзінше, алдағы жылдан бастап жаңа аталмыш көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға беріледі. Бұл өз кезегінде көмек алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін, жұмысқа орналасу, өмір сүруге деген ынтасын арттырмақ деп қортындылады вице-министр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир