|
28.03.2018 | 16:06
917

ОҚО-да жоғалып кеткен жеті жасар қыз әлі де іздестірілуде

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында жеті жасар қыз жоғалып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне баланың анасы Ақбота Кәукешова хабарлады.

Оның айтуынша, бірінші сыныпта оқитын Инабат Мұхтарқожа Ақниет ауылындағы нағашыларына қыдырып барған. Ал кеше, 26 наурызда күндізгі сағат бір мен екінің арасында туыстары оны таппай қалған.

«Өзіміз Арыс ауданына қарасты Қожатоғай ауылында тұрамыз. Қызымыз нағашыларына қыдырып барған еді. Сол күні есіктің алдына ойнап жүрген екен. Жарты сағаттың арасында жоқ болып кеткен. Қазір бәріміз осында келіп, іздеп жатырмыз. Қандай да бір болжам да жасай алмай отырмыз. Еш хабар жоқ. Ақыл есі жақсы. 2010 жылы туған, бірінші сыныпта оқиды», - дейді анасы.

Туыстары баланың жоғалғаны туралы тәртіп сақшыларына да хабарлаған. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Сол күні-ақ полицияға хабар бердік. Қазір олар да іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Жергілікті арнаға да көмек сұрап бардық», - дейді Ақбота Кәукешова.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир