Осы аптада "Алматы" телеарнасынан көретіндеріңіз

«Алматы» телеарнасы алдағы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Қамқор әке, лайықты жар болу оңай ма? Отбасы бақытына кім жауапты? «Жұмбақ тағдыр» таңдау өз қолыңда. Дүйсенбі, 5 наурыз сағат 12:10-да.

Дүниенің кеңдігінен не пайда? Сәні мен сапасы сай келмесе. Сатып алғаныңыз сыр берсе таразылау бізден, байлам Сізден! «Байлам» сейсенбі 6 наурыз сағат 12.40-та. 

Бокс па, әлде би ме? Жұлдыздардың әуестігі сахна мен өмірде қалай көмектесіп жүр? Достықтары жарасқан, өнерлері қыр асқан жігіттер. "Alan" тобы әншілерінің жүрек сырымен көпке құпия қызықты тұстары. «Дидарласу» жұлдыздардың сырына қанық бол. Жұма, 9 наурыз сағат 12:40-та. 

Алматы метрополитенінің бүгіні мен ертеңі. Жаңадан ашылған «Визит» деп аталатын туристік ақпараттық орталық саяхатшыларға не ұсына алады? ПИК пен тұрғынадар арасындағы текетірестің себебі неде? Осы сауалдарға жауап алғыңыз келсе сенбі, 10 наурыз күні сағат 07:30 «Арман қала» бағдарламасын тамашалаңыз!


Жексенбі, 11 наурыз сағат 12.30-да «Жастар қаласы» бағдарламасын көріңіз! Бізде әзілде, әнде, кинода барлығы бар. 


Ана көктем, ана гүл, ана өмір! Сәкен Майғазиевтің «Асыл ана» атты ән кеші бейсенбі, 8 наурыз күні сағат 22:10-да «Алматы» арнасында.    


Ең қарапайым  үйдегі... Ең қарапайым тұрғындардың өмірі. Оларды не біріктіреді? Көңілді "Көршілер". Дүйсенбі-бейсенбі 17:00-де «Алматы» телеарнасында. 

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде берем»телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 17:30-да. 

Бір анадан туған қос тағдыр. Қолын қанға бояған кім? Тағдыр тәлкегі ме? Кінәліні қайдан іздейміз? Егіз ғұмыр «Айман-Шолпан» дүйсенбі-жұма аралығында 19:00-де біздің арнада. 

Келесі жаңалық